№ 894 от 29.10.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Тажен Мамбетсалиевич Ержановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылғы 6 қазанда берілген № 0000602 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қызылорда облысы Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус Т.М. Ержановтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.М. Ержановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 1-1/40678-вн ұсынысы және 2024 жылғы 2 қыркүйектегі қайтыс болу туралы анықтамасы.
Вице-министр Б. Жақселекова