Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 893 от 29.10.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гулбану Мушуруповна Джалдыбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 3 қыркүйекте берілген № 13013727 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус Г.М. Джалдыбаеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.М. Джалдыбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 1 қазандағы
№ -1/39177-вн ұсынысы және 2024 жылғы 25 қыркүйектегі қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасы.

 

Вице-министр                                                                                   Б. Жақселекова

Дата публикации
04 ноября 2024