№ 892 от 29.10.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Багдат Талгатович Арысбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы
28 желтоқсанда берілген № 12020022 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Түркістан облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.Т. Арысбаевтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Б.Т. Арысбаевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.Т. Арысбаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 9 қазандағы
№ 1-1/40779-вн ұсынысы, Түркістан облысы Төлеби аудандық сотының 2024 жылғы 27 тамыздағы шешімі.
Вице-министр Б. Жақселекова