Әділет, ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.
2024 жылдың басынан бастап аумақтық әділет органдары тексерулерді тағайындау туралы 138 акт шығарды. Тексеру нәтижелері бойынша 132 құқық бұзушылық анықталды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 15-бабы бойынша 133 іс қозғалды, 111 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қарауында 22 іс. Айыппұлдардың жалпы сомасы 9 494 810 теңгені құрады.
Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 46 956 439,72 теңгеге 257 174 контрафактілік өнім алынды.
Ішкі істер органдары құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған міндеттерді жүзеге асырады.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 198-бабы (авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу бойынша 2 қылмыстық іс тіркеліп, олар тексеру жүргізілуде.
Интернет желісінде көрсетілген бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері 38 сайт анықталды, олар туралы ақпарат қазақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін бұғаттау үшін «Кибернадзор» жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді.
Мемлекеттік кірістер органдарының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша 332 құқықиеленушінің 1 025 тауар таңбасы бар.
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі негізінде 2024 жылдың 6 айында аумақтық мемлекеттік кіріс органдары зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері бар тауарларға 339 декларация бойынша жалпы құны 18,6 млн. АҚШ долл. тауарларды шығаруды тоқтатты.
Көрсетілген кезеңде мемлекеттік кіріс органдарымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты тауарларға тоқтатылған декларациялар бойынша құқық иеленушілердің өтініштері негізінде ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша 11 әкімшілік материал жасалды және сот 8 материал бойынша кейіннен жойыла отырып, 484 бірлік тауарды тәркіледі, сондай-ақ 790 088 теңге сомасында айыппұл салынды.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаржы мониторингі жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелері зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзу фактілері бойынша 2 сотқа дейінгі тергеп – тексеруді тіркеді.
Аталған фактілер Шымкент қаласының аумағында анықталды, жалпы залал 35 млн теңгені құрады («Мама біледі» балалар жаялықтары және «Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындары үшін Бухгалтерлік есеп» бағдарламалық қамтамасыз ету сауда маркасы).