№ 865 от 15.10.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Александра Юрьевна Рудковскаяға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылғы 28 шілдеде берілген № 0001912 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын.
2. Қарағанды облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Ю. Рудковскаяның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Ю. Рудковскаяның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 08 қазандағы № -0401/2223-вн ұсынысы, жекеше нотариус А.Ю. Рудковскаяның арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова