Лицензияның күшін тоқтату туралы

№ 848 от 09.10.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 12-бабының
1- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2023 жылғы 15 мамырда берілген Биан Оразғалиқызы Жанзаққа № 23010883 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.О. Жанзақтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус Б.О. Жанзақтың мөрін жоюды ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 03-1/35668-вн ұсынысы, Астана қаласының ауданаралық азаматтық істер бойынша сотының 2024 жылғы 26 маусымдағы шешімі, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 тамыздағы қаулысы.

 

Вице-министр                                                                                  Л. Мерсәлімова

Дата публикации
21 октября 2024