Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 864 от 15.10.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Людмила Джумабековна Рымжановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылғы 27 наурызда берілген № 18005998 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 01қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.Д. Рымжанованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.Д. Рымжанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы  10 қазандағы № -0401/2243-вн  ұсынысы, жекеше нотариус Л.Д. Рымжанованың арызы.

 

Вице-министр                                                                                   Л. Мерсәлімова

Дата публикации
21 октября 2024