№ 866 от 15.10.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43 бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың 12 қарашасында Жанар Орынбековна Дюсембаеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 12016107 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2028 жылдың 01маусымына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Абай облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Ж.О. Дюсембаеваның,
Абай облысының адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 07.10.2024 жылғы № -1/40142 ұсынысы, адвокат Ж.О. Дюсембаеваның арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова