Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 859 от 14.10.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Аманкул Тулегеновна Кажмаганбетоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы
22 желтоқсанда берілген № 0001524 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Ұлытау облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Т. Кажмаганбетованың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус А.Т. Кажмаганбетованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Т. Кажмаганбетованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ұлытау облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі  № -016/589-вн ұсынысы, жекеше нотариус А.Т. Кажмаганбетованың өтініші.

 

Вице-министр                                                                              Л.Мерсәлімова

Дата публикации
16 октября 2024