Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша 2024 жылғы 3-тоқсандағы есебіне талдамалық анықтама

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 53 мемлекеттік қызмет бекітілген.

Оның ішінде электронды форматта - 34, электронды-қағаз түрінде – 19.

53 мемлекеттік қызметтің 32 түрін әділет органдары,  28 түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ көрсетеді.

Бақылау іс-шараларына қатысты

Министрліктің  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау нысанына бақылау шараларын өткізу бойынша 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында 2024 жылдың 3-тоқсанында 7 тексеріс жүргізілді  (Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды және Абай облыстары). 

2023 және 2024 жж. бойынша анықталған бұзушылықтардың саны – 11 (мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу – 2, өзге бұзушылықтар – 9).

Мемлекеттік қызмет алушы тарапынан дәлелін тапқан шағымдар және олар бойынша қабылданған шараларға қатысты  

Бөлімшелердің мәліметтеріне сәйкес, есепті кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дәлелін тапқан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуларға қатысты 

2024 жылдың 3-тоқсанында (есеп нысанына сәйкес) 1194 жеке және 32 заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, олардың ішінде электрондық түрде жеке тұлғаларға – 1180, заңды тұлғаларға – 14,  қағаз жүзінде жеке тұлғаларға – 0, заңды тұлғаларға – 32 бас тартулар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы қызметалушыларды ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысты      

Есепті кезеңде әділет органдары 290 719 адам санын қамтитын 662 түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру  курстарынан өткен тұлғаларға  қатысты

2024 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан әділет органдарының 14 қызметкері өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзу бойынша

2024 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Отчёт
Дата публикации
15 октября 2024