Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 838 от 07.10.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43 бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылдың 25 мамырда Елена Евгеньевна Савиноваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000089 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Е.Е. Савинованың, Алматы қаласы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы адвокаттар алқасының 2024 жылғы 13 құркүйектегі № 1-404 өтінішхаты, адвокат Е.Е. Савинованың өтініші.

 

Вице-министр                                                                              Л. Мерсәлімова

Дата публикации
10 октября 2024