№ 847 от 09.10.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылдың 14 қазанда Бекентай Токташевич Бубербаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000335 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы
27 сәуірге дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті Б.Т. Бубербаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Б.Т. Бубербаев, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 2024 жылдың 17 қыркүйектегі № 554/24 өтінішхаты, адвокат Б.Т. Бубербаевтің өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова