Бұйрықтың күшін жою туралы

№ 845 от 08.10.2024

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы  2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Римма Марленовна Дуйсембаеваға адвокаттық қызметпен айналысуға 2016 жылдың 21 сәуірінде берілген № 16006614 мемлекеттік лицензиясының қолданысын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылдың 19 ақпанындағы № 146 бұйрығының күші жойылсын.

2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын адвокат Р.М. Дуйсембаеваның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.        

Негізі: Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының2024 жылғы 29 тамыздағы № 2799-24-00-2а/952 қаулысы.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсалимова

Дата публикации
10 октября 2024