Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 846 от 08.10.2024

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылдың 21 сәуірінде Римма Марленовна Дуйсембаеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген
№ 16006614 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокат Р.М. Дуйсембаеваның, Батыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 13.09.2024ж.
№ 03-1/36678-вн ,Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының2024 жылғы 29 тамыздағы № 2799-24-00-2а/952 қаулысы.

  

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
10 октября 2024