Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 843 от 07.10.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Муран Мирашевич Манеповке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы
17 қыркүйекте берілген № 21026610 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Ақтөбе облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.М.Манеповтың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус М.М.Манеповтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.М.Манеповтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №-1/37337-вн ұсынысы, Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық сотының 2024 жылғы 06 маусымдағы шешімі, Ақтөбе облыстық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 тамыздағы  қаулысы.

 

Вице-министр                                                                              Л.Мерсәлімова

Дата публикации
10 октября 2024