№ 839 от 07.10.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43 бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2023 жылдың 25 қаңтарында Ерлан Абилканович Адилбековке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 23002333 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 31 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Е.А. Адилбековтің, Алматы қаласы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы адвокаттар алқасының 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-403 өтінішхаты, адвокат Е.А. Адилбековтің өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова