Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 841 от 07.10.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылдың 8 қарашада Зауре Кожамжаровна Махатованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 16017054 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат З.К. Махатованың, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 17 қыркүйектегі 2024 жылғы № 556/24 өтінішхаты, адвокат З.К. Махатованың өтініші.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
10 октября 2024