Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 842 от 07.10.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Калжан Тулендинович Умурзаковқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы
1 наурызда берілген № 0001001 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты айға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.Т. Умурзаковтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.Т. Умурзаковтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 25.09.2024 жылғы № -1/38247-вн ұсынысы, 30.07.2024 жылғы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының айыптау актісі.

 

Вице-министр                                                                        Л. Мерсәлімова

Дата публикации
10 октября 2024