Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 832 от 04.10.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1998 жылғы 10 тамызында Мустахим Крыкбаевич Тулеевке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000131 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын. 

2. Астана қаласының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы М.К. Тулеевтің, Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 06.09.2024 жылғы № 1-1/35564-вн ұсынысы, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының 13.02.2024 жылғы №7198-24-00-1/1 үкімі, Астана қаласы соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 05.07.2024 жылғы №7199-24-00-1а/290 ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
07 октября 2024