Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 810 от 26.09.2024

«Нотариат туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Сапаргали Кенжебекович Кенжебековке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 18 желтоқсанда берілген № 13019633 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзіміне тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.К. Кенжебековтің назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.К. Кенжебековтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директорының м.а. Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 1/33840-вн ұсынысы, Шымкент қаласы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 17 мамырдағы жеке ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
27 сентября 2024