№ 802 от 24.09.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мұратхан Әсетұлы Балабиге нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2009 жылғы 01 қыркүйекте берілген № 0002673 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 01 қазанға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Ә.Балабидің назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Ә.Балабидің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №01-1/37426-вн ұсынысы, жекеше нотариус М.Ә.Балабидің арызы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова