Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 801 от 24.09.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Раушан Агыдиловна Жакуповаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылғы 10 тамызда берілген № 0000168 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.А. Жакупованың  назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.А. Жакупованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры А.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 01-1/37046-вн ұсынысы, 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                            Л. Мерсәлімова

 

Дата публикации
25 сентября 2024