Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 779 от 18.09.2024

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 22 қаңтарда Айнур Баялыевна Калиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19001121 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Калиеваның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық № 2 сотының 2024 жылғы 12 маусымдағы шешімі, Қарағанды облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысы.

 

Қазақстан Республикасы

Әділет вице-министрі                                                               Л. Мерсәлімова

 

Дата публикации
25 сентября 2024