Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 794 от 20.09.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Елдос Камбарович Шыныбековке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 07 желтоқсанда берілген №22023171 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Түркістан облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.К.Шыныбековтың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус Е.К.Шыныбековтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.К.Шыныбековтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 04 қыркүйектегі  №1-1/35174-вн ұсынысы, Түркістан облысы Түркістан қалалық сотының 2024 жылғы 04 сәуірдегі шешімі, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 08 тамыздағы қаулысы.

 

Вице-министр                                                                              Л.Мерсәлімова

 

Дата публикации
25 сентября 2024