Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 789 от 19.09.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Виктор Игорьевич Ханға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы 31 қаңтарда берілген
№ 23002886 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус В.И. Ханның назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус В.И. Ханның мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус В.И. Ханның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2024 жылғы 21 мамырдағы шешімі, Қызылорда облыстық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 тамыздағы ұйғарымы, Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 1-1/36197-вн ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                            Л. Мерсәлімова

Дата публикации
25 сентября 2024