Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 791 от 19.09.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанболат Ерболатұлы Табулдинге нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2009 жылғы
29 қаңтарда берілген № 0002339 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Абай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Е. Табулдиннің назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус Ж.Е. Табулдиннің мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Е. Табулдиннің
іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың
Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Абай облысы Семей қалалық сотының 2024 жылғы 25 маусымдағы шешімі, Абай облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № -1/33259-вн ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                            Л. Мерсәлімова

Дата публикации
24 сентября 2024