№ 787 от 19.09.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Роза Марсельевна Мансуроваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2000 жылғы 05 қыркүйегінде берілген № 0000803 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.М.Мансурованың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Р.М.Мансурованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 2024 жылғы 31 мамырдағы шешімі, Батыс Қазақстан облыстық сотының 2024 жылғы 03 қыркүйектегі қаулысы, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №03-1/35951-вн ұсынысы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова