№ 784 от 18.09.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Сандыгуль Нурболаткызы Аманжоловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
2013 жылғы 19 маусымда берілген № 13009737 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.Н.Аманжолованың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус С.Н.Аманжолованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Н.Аманжолованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 28 тамыздағы ұсынысы, Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының 2024 жылғы 21 мамырдағы шешімі, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 29 шілдедегі қаулысы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова