Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 771 от 14.09.2024

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылғы 10 шілдеде Перизат Сексенбаевна Парзуоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001375 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус П.С. Парзуованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Шымкент қаласы азаматтық істер жөніндегі аудандық сотының 2024 жылғы 24 мамырдағы шешімі, Шымкент қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 тамыздағы қаулысы.

 

Қазақстан Республикасы

Әділет вице-министрі                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
24 сентября 2024