Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 778 от 17.09.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылғы 14 қаңтарда Кулян Маратовна Ахиловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19000515 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус К.М.Ахилованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 09 қыркүйектегі № 1-1/35835-вн ұсынысы, нотариус К.М.Ахилованың  өтініші.

 

Вице-министр                                                                          Л. Мерсәлімова

Дата публикации
18 сентября 2024