№ 767 от 13.09.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43 бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Маусымжан Картбаевна Картбаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 000565 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 18 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Атырау облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат М.К. Картбаеваның, Атырау облысының адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 205-08 өтінішхаты, адвокат М.К. Картбаеваның өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова