Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 768 от 13.09.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43 бабы 2-тармағының 4) тармақшасы және 4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың 7 маусымда Гульнара Халеловна Жумагалиеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003862 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2029 жылдың 4 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Атырау облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Г.Х. Жумагалиеваның,
Атырау облысының адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 208-08 өтінішхаты, адвокат Г.Х. Жумагалиеваның өтініші.

 

Вице-министр                                                                              Л. Мерсәлімова

Дата публикации
17 сентября 2024