Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 769 от 14.09.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 28 қазанында Сарсен Мусаевич Бековке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19021428 мемлекеттік лицензиясының қолданысы сотпен процессуалдық шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат С.М. Бековтің, Маңғыстау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 16.08.2024 жылғы № 01-1/32978-вн ұсынысы, Маңғыстау облысының Ақтау қалалық №2 сотының 14.08.2024 жылғы ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
17 сентября 2024