Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 772 от 14.09.2024

«Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылғы
27 маусымда Роза Тастенбековна Апишеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12005229 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Р.Т. Апишеваның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізілімдеріне тиісті жазбалар енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің             интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы
9 қыркүйектегі № 03-1/35707-вн ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                          Л. Мерсәлімова

Дата публикации
17 сентября 2024