Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 770 от 14.09.2024

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы
45-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 3 қыркүйегінде Динара Булатовна Оразоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002540 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 4 қыркүйегіне дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Д.Б. Оразованың, Солтүстік Қазақстан облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Д.Б. Оразованың 2024 жылғы 4 қыркүйектегі өтініші.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
17 сентября 2024