Лицензиялардың қолданысын қайта бастау туралы

№ 764 от 13.09.2024

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы
2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен:

- Асель Игликовна Тамабековаға 2007 жылдың 21 қарашасында № 0001006;

- Еркин Игембаевич Кульбаевқа 2009 жылдың 24 наурызында № 0002403;

- Сандугаш Кайыровна Мухамедиеваға 2005 жылдың 27 шілдесінде
№ 0000151;

- Елена Тельмановна Тулюбековаға 2013 жылдың 30 қазанында № 13016948 нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиялардың қолданыстары қайта басталсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті жоғарыда көрсетілген тұлғалардың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияларының қолданыстарын қайта бастау туралы бұйрықты назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізілімдеріне тиісті жазбалар енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Қарағанды қаласы Қазыбекби ауданының №2 сотының 2024 жылғы 22 мамырдағы №3512-24-00-2/2181 шешімі, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының  2024 жылғы 13 тамыздағы №3599-24-00-2а/1726 қаулысы.

 

Вице-министр                                                                          Л. Мерсәлімова

Дата публикации
17 сентября 2024