№ 759 от 12.09.2024
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылдың 23 ақпанында Абулкай Дауленбаевич Альжаппаровқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001104 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Ұлытау облысының Әділет департаменті А.Д Альжаппаровтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ұлытау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ұлытау облысының Әділет департаментінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № -016/559-вн ұсынысы, А.Д Альжаппаровтың 2024 жылғы 28 тамыздағы өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова