Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 753 от 06.09.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Диляра Бекетовна Исаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы 16 мамырында берілген № 0001044 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Б. Исаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Б. Исаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2024 жылғы 16 тамыздағы  ұйғарымы, Алматы қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 01-1/33149-вн ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                                  Б. Жақселекова

 

Дата публикации
12 сентября 2024