Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 738 от 03.09.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Акылия Саматкызы Нуржанованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылғы 10 тамызда берілген № 0000096 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус А.С. Нуржанованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.С. Нуржанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 23 тамыздағы 2024 жылғы №  1-1/33912-вн ұсынысы.

  

Вице-министр                                                                                Л. Мерсәлімова

Дата публикации
05 сентября 2024