Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 737 от 02.09.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Талғат Есенжолович Кутжановтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 18 мамырда берілген № 12003591 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус Т.Е. Кутжановтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.Е. Кутжановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 23 тамыздағы 2024 жылғы № -1/33762-вн ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
05 сентября 2024