Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 730 от 28.08.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 1 желтоқсанда Гулнар Акановна Хайруллинаның адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0002765 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2025 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті Г.А. Хайруллинаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Г.А. Хайруллина, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 13 тамыздағы 2024 жылғы № 488/24 өтінішхаты, адвокат Г.А. Хайруллинаның өтініші.

 

Вице-министр                                                                                   Л. Мерсәлімова

Дата публикации
02 сентября 2024