«Лицензияның қолданысын тоқтата тұру» 2024 жылғы 13 маусымдағы № 505 бұйрықтың орындалуын қайта бастау туралы

№ 734 от 29.08.2024

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
18 бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Лицензияның қолданысын тоқтата тұру» 2024 жылғы 13 маусымдағы № 505 бұйрықтың орындалуы қайта басталсын.

2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Д.С. Бекбергенованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Ақтөбе облысы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы №1594-24-5-21/4720 хаты, Ақтөбе облысы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты № 1594-24-00-4/562 әкімшілік іс бойынша 2024 жылғы 2 тамыздағы ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                      Л. Мерсәлімова

Дата публикации
02 сентября 2024