№ 723 от 27.08.2024
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дана Маратовна Молдагалиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 30 қазанда берілген № 0001669 мемлекеттік лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 906 бұйрығының күші жойылсын.
2. Қарағанды облысы Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын нотариус Д.М. Молдагалиеваның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Негізі: Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 3 сәуірдегі шешімі.
Вице-министр Л. Мерсәлімова