№ 722 от 27.08.2024
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылғы 13 мамырда Султан Мубаракович Турехановқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000025 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты адвокат
С.М. Турехановтың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: адвокат С.М. Турехановтың 2024 жылдың 20 тамыздағы № ЖТ-2024-05070320 өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова