«Лицензияның қолданысын тоқтату туралы» 2024 жылғы 19 шілдедегі № 609 бұйрықтың орындалуын тоқтата тұру туралы

№ 715 от 23.08.2024

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2000 жылғы 24 наурызда Рахат Алимовна Туребаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000743 «Лицензияның қолданысын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылғы 19 шілдедегі
№ 609 бұйрығының күші әкімшілік іс бойынша сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Р.А. Туребаеваның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 15 тамыздағы № 4794-24-00-4/679 ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
26 августа 2024