Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 713 от 22.08.2024

 Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылғы 20 қыркүйекте Шаркул Ибрашовна Абдразаковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0000179 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Ш.И.Абдразакованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 шілдедегі қаулысы.

 

Вице-министр                                                                          Л. Мерсәлімова

Дата публикации
23 августа 2024