Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 714 от 23.08.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2015 жылдың 17 шілдесінде Канат Сеилханович Камбарбековқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 15013392 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Жамбыл облысының Әділет департаменті К.С. Камбарбековқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат К.С. Камбарбеков, Жамбыл облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2024 жылдың 16 тамыздағы № 01-1/32964-вн ұсынысы, адвокат К.С. Камбарбековтың арызы.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
23 августа 2024