Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 708 от 20.08.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1998 жылғы 25 сәуірінде Кульшат Махметовна Бековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000041 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус К.М.Бекованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 1-1/32242-вн ұсынысы, нотариус К.М.Бекованың 2024 жылғы 09 тамыздағы өтініші.

 

Вице-министр                                                                          Л. Мерсәлімова

Дата публикации
22 августа 2024