«Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 23 шілдедегі № 623 бұйрықтың орындалуын тоқтата тұру туралы

№ 706 от 19.08.2024

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2019 жылғы 13 маусымда Зарина Алтаевна Раисоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19018956 «Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 623 бұйрығының күші әкімшілік іс бойынша сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус З.А. Раисованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 7 тамыздағы № 7594-24-00-4/3184 ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
22 августа 2024