№ 704 от 19.08.2024
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2007 жылғы
19 қаңтарда Роза Сеитнуровна Маликзадинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000745 «Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылғы
01 шілдедегі № 556 бұйрығының күші әкімшілік іс бойынша сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрсын..
2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Р.С. Маликзадинаның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі № 7594-24-00-4/2954 ұйғарымы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова